Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында 10 қару, граната және 600-ден астам патрон табылды

Жамбылдық полицейлер 10 қару, граната және 600-ден астам патрон тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қарудың орналасқан жерін анықтау бойынша күн сайын іздестіру жұмыстарын жүргізеді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері облыс орталығының аумағынан 10 қару, екі граната, патрондар, каскалар, сауыт-саймандар, рация тауып, тәркіледі.

Табылған қарулардың арасында Калашников автоматы, Макаровтың екі тапаншасы, Компакт маркалы тапанша, тегіс ұңғылы карабин, екі ұңғылы тегіс ұңғылы мылтық, ИЖ-56 екі ұңғылы құрама мылтық, травматикалық тапанша, тегіс ұңғылы шолақ мылтықтар, екі жарық-шу гранатасы, әртүрлі калибрлі 648 патрон болды. Қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адамның басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру