Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісайлық полицейлер көршісінің үйіне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады

Жетісайлық полицейлер көршісінің үйіне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның тұрғын үйіне белгісіз біреу жасырын кіріп, үйде тұрған Samsung кір жуғыш машинасын, компьютерін Crown бұрғылау құралы мен электронды арасын ұрлап кетіп, жалпы 175 мың теңге шығын келтіргенін айтқан.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды. Жетісайлық полицейлер осы қылмысты ашу мақсатында оқиға орнына жедел жетіп, қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аймақтарды мұқият тексеріп шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Соның нәтижесінде, күдіктінің тұрғылықты мекенжайы анықталды. Ол жәбірленушінің көршісі болып шықты. Қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында күдіктінің пайдакүнемдік мақсатта есікті бұзып кіріп, ұрлыққа түскендігі белгілі болды. Айғақты зат ретінде оның үйінен ұрланған заттар алынып, иесіне қайтарылды. Күдікті бұған дейін де сотты болып, үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын өтегендігі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру