Жамбыл облысында 75 жүргізуші мас күйде көлік баскарған
Жамбыл облысында 75 жүргізуші мас күйде көлік баскарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы аумағында жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында масаң күйде көлік жүргізушілерді анықтау бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстар нәтижесінде тамыз айының 22 күнінде полиция қызметкерлерімен осындай көлік басқарудың 75 дерегі тіркелді. Оның ішінде бір жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасаған, 5 адам мас күйінде қайта көлік жүргізген.
Мәселен, тексеру барысында Құлан ауылының Жібек жолы көшесінде механикалық жол-көлік оқиғасы орын алған. 57 жастағы Mercedes Benz көлігінің жүргізушісі мейрамхана жанында тұраққа қойылған Mercedes автокөлігімен соқтығысқан.
Медициналық куәландыру қорытындысы көрсеткендей, ер адам орта дәрежедегі мас күйінде көлік басқарған.
Сонымен қатар, жүргізушінің 2021 жылдың қазан айында сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылғаны анықталды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізілуде. Автокөлік айып тұрағына қойылды.
Бұндай қылмысты жасағаны үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.