Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында полицейлер сотталғандармен профилактикалық кездесу өткізді

Жамбыл облысында полицейлер ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №58 мекемесінде сотталғандармен профилактикалық кездесу өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында жазасын өтеушілерге бостандыққа шыққаннан кейінгі әлеуметтік бейімделуі және заңға бағынатын өмір салтын ұстанудың маңыздылығы талқыланды. 

Сондай-ақ сотталғандар алдында бұрын жазасын өтеп қойған азамат сөз сөйлеп, бостандыққа шыққаннан кейін қалыпты өмірге қайта оралу жолындағы өз тәжірибесімен бөлісті. Ол қазіргі уақытта есірткі қылмыстарының алдын алу бағытында волонтерлік қызметпен айналысатынын айтып, қатысушыларды өмірін өзгертуге және қоғамға пайдалы іспен айналысуға шақырды. 

Мұндай кездесулер сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етеді. 

Іс-шараға ПД есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Тараз қаласы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ, есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері және қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері қатысты.

Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жәнесалауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру