Жамбыл облысында қойшы өзіне сеніп тапсырылған елу шақты малды сатып жіберген
Жамбыл облысында қойшы өзіне сеніп тапсырылған елу шақты малды сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 тамызда Меркі аудандық полиция бөліміне осы ауданның 39 жастағы тұрғыны қойшысының сеніп тапсырылған 47 бас малын сатып жібергені туралы арызданған. Жалпы шығын көлемі 2 820 000 теңгені құрайды.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Меркі ауданының 31 жастағы тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Малшы жеке басына қаржы қажеттілігіне байланысты сатып жібергендігін айтты.
Күдікті кінәсін толық мойындады.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 2-тармағымен (Өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.