Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында сотталғандар арасында спорттан жарыс өтті

Жамбыл облысында сотталғандар арасында спорттан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/4 мекемесінде халықаралық арқан тарту күніне орай сотталғандар арасында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мекемеде өткізілген спорттық іс-шаралар бойынша арқан тарту, шахмат және дойбы ойындары өткізілді.

Нәтижесінде, №9 жасақ сотталғандары үздік атанып, I-ші орынға ие болды. Спорттық іс-шарадан I-ші орынға ие болған топқа грамота берілді. Мекемеде 13 жасақ бар. Іс-шараға 12 жасақ қатысты. Арқан тарту және шахмат бойынша №8, 9 жасақ жеңіске жетті. Дойбы ойыны бойынша №2 жасақ жеңіске жетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру