Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында тас жолдан қару-жарақ табылды

Жамбыл облысында тас жолдан қару-жарақ табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын іске асыру барысында жол жиегінен қару-жарақ тапты. Полицейлер 16 калибрлі ИЖ тегіс ұңғылы аңшы мылтығын, 6,62 калибрлі Байкал газ тапаншасын, 6 патрон тәркіледі.

– Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалып, ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды оқ-дәрілерді жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Аталған баптың санкциясымен күдіктіге қатысты бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады, – деп атап өтті облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру