Ішкі істер министрінің орынбасары Қостанай облыстық полициясының жаңа бастығын таныстырды
Ішкі істер министрінің орынбасары Қостанай облысы полиция департаментінің жаңа бастығын таныстырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысының активіне және жеке құрамға ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха өңірдің жаңа полиция бастығын таныстырды.
ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша Министрдің бұйрығымен Қостанай облысы ПД бастығы лауазымына Ерлан Жұмасейітұлы Файзуллин тағайындалды.
– Ішкі істер органдарында ол 1995 жылдан бастап қызмет етеді. Жедел бөлімшелерде 27 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Тобыл өңірі оған жақсы таныс. Ерлан Жұмасейітұлы – Қостанай облысының тумасы. Ол осы өңірде полиция қызметіндегі еңбек жолын бастады. Жедел уәкіл лауазымынан бастап мансаптық өсудің барлық кезеңдерінен өтті. Қостанай облысы ПД Федоров ауданының полиция бөлімін 10 жылға жуық басқарды. 2012 жылдан 2017 жылға дейін Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. Сондықтан ол аймақтың барлық проблемалары мен ерекшеліктерімен таныс, – деп атап өтті Игорь Лепеха жаңа бастықты активпен таныстыра отырып.
Содан кейін ол Ішкі істер министрлігінің қазақстандық полицияны трансформациялау жөніндегі қызметіне назар аударды. Онда басты назар азаматтардың конституциялық құқықтарының қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз етуге аударылды.
– Бүгінде полицияның жұмысын жақсарту үшін жаңа форматтар енгізіліп, заңнама жетілдіріліп жатыр. Нәтижесінде-елдегі қылмыс деңгейі төмендеп келеді, – деп атап өтті Игорь Лепеха.
Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын атап өтті. Бұл құжат алдағы 5 жылға арналған стратегияны айқындайды. Қылмыс проблемаларының себебі мен салдарын талдауға баса назар аударылады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ерлан Омарбеков Шығыс Қазақстан облысы ПД бастығы лауазымына тағайындалған болатын.