Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентаулық полицейлер отбасылық спорттық жарысқа қатысты

Кентаулық полицейлер отбасылық спорттық жарысқа қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасы – тәлім мен тәрбиенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Үлгілі жанұялар арқасында мемлекет өркендеп, өнегелі ұрпақ өседі. Осы тұста 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай, Кентау қалалық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Айжан Абдукадырдың ұйымдастыруымен отбасылық спорттық сайыс ұйымдастырылды.

“Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім” атты сайысқа жеке құрам қызметкерлері қатысты. Отбасылық спорттық жарыс доппен жүгіру, қаппен секіру, секіргіштен (скакалка) секіру, арқан тарту, 16 келі гір тас көтеру мен 60 метрге жүгіру секілді кезеңдерден тұрды. Жарыс бойы қатысушы жанұялар өздерінің ұйымшылдығын, спортқа бейімділігін көрсете алды.

Нәтижесінде бас жүлдені учаскелік полиция инспекторы Бекжан Қонысовтың жанұясы иеленді. Ал І орынды учаскелік полиция инспекторы Нұржан Абдрамановтың отбасы иеленді. ІІ орынды кезекші бөлімшесінің жедел кезекші көмекшісі Ерлан Қошқарбаевтың жанұясы қанжығалады. ІІІ орын тергеуші Айдархан Байымбетовтың отбасына берілді. Барлық жеңімпаздарға алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру