Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының ҚАЖ қызметкерлері көп балалы әріптестерін Отбасы күнімен құттықтады

Абай облысының ҚАЖ қызметкерлері көп балалы әріптестерін Отбасы күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл сайын әлемде 15 мамырда Халықаралық Отбасы күні атап өтіледі. Осы тамаша мереке қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖД №23 мекемесінің кадр саясатының қызметкерлері
көптеген жылдар бойы қылмыстық атқару жүйесінде қызмет етіп келе жатқан жас, әрі көпбалалы – Кәрімнің отбасын құттықтап шықты. Олар үшін отбасы мен неке құндылықтары өмірдегі басты құндылықтардың бірі болып табылады.

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері үшін бұл мереке өте маңызды, өйткені олар отбасылық құндылықтарды ұқыптылықпен сақтайды. Құқық қорғау органдары қызметке көп уақыт пен күш жұмсайды, бұл сіздің артыңызда сенімді тыл болған кезде, туыстарыңыз бен жақындарыңыз сізді түсініп, жұмыстан оралуды асыға күткен кезде ғана мүмкін болады.

Мейір Кәрім мен Айжан Кәрім ҚАЖ органдарында 2014 жылдан бері қызмет етіп келеді.
Жастар мекемеде қызмет атқарып жүргенде танысқан болатын. Жас жұбайлар 2017 жылы қараша айында үйленуге бел буып, ата-аналарын бір-бірімен таныстыруды жөн көрген. Жас жұбайлар өмір бойы бірге болатындарына сенімді болғандықтан, үйлену тойын барлық әдет-ғұрыптар бойынша жасаған. Ерлі-зайыптылардың өздері атап өткендей, Кәрімнің отбасылық өмірі “қызыққа толы”. Қарқынды жұмыс кестесіне қарамастан, олар отбасы шеңберінде демалуға уақыт табады. Олар балаларды тәрбиелеуге уақыт тауып, сондай-ақ отбасымен саяхаттауға да уақыт табуға тырысады.

– Бұл жылдар бір сәттей зымырайды. Өйткені уақытымыз күнделікті жұмыс пен күнделікті балаларды қараумен өтеді, – дейді ерлі-зайыптылар.

– Өмірде бәрі болып тұрады: жақсы мен жаман, қуаныш және қайғы, жағымды және жағымсыз жағдайлар. Бірақ ең бастысы – біз бір-бірімізге деген сүйіспеншілік, құрмет пен өзара түсіністікті сақтаймыз. Барлық жас ерлі-зайыптыларға алтын тойларына дейін бақытты өмір сүруді тілейміз. Ең бастысы, отбасында балалар мен отағасының дені сау, көйлек көншігіміз бүтін, жұмысымыз бар – тағы не тілеймін!, – дейді Айжан.

Бүгінгі таңда жас жұбайлар төрт баланы тәрбиелеп отыр. Бала тәрбиесіне олардың ата-аналары көмектеседі.

Үлкен қызы Аянат та кішкентай бауырларын тәрбиелеуде ерлі-зайыптыларға қолғабыс етеді. Ұлдары – Жігер өскенде ішкі істер қызметкері болуды мақсат етсе, қыздары Зере мен Асылеркем дәрігер болуды армандайды.

Кадр саясаты бөлімінің қызметкерлері мекеме бастығы Жақсылық Алтаевтың атынан қызметкерлердің отбасына жылы лебізін білдіргені туралы алғыс хат табыс етті.

– Осы мерекеде сіздің отбасыңызға шын жүректен зор денсаулық, бір-біріне мейірімді және жылы қарым-қатынас, өзара түсіністік пен келісім тілеймін, сондай-ақ еліміздің дені сау және болашақ ұрпағын тәрбиелеп отырғандарыңызға алғысымды білдіремін, – деп атап өтті мекеме бастығы өз құттықтау сөзінде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру