Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында волонтерлер Кинология орталығын аралады

Жамбыл облысында волонтерлер Кинология орталығын аралады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

LIDER.KZ іздеу қозғалысының волонтерлері Жамбыл облысы Полиция департаментінің Кинологиялық қызмет орталығына экскурсияға барды. Іс-шараны ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды.

Волонтерлер нұсқаушы-кинологтармен, қызметтік иттермен танысты. Оларға Кинологиялық қызмет орталығының жұмысы туралы айтылды. Қонақтар құқық қорғау органдарының төрт аяқты көмекшілерінің көрсетілімдерін тамашалады. Көрсетілім барысында есірткіні алмастыратын арнайы ұнтақтар қолданылды.

Криминалистикалық одорологияға (одорология – иістер туралы ғылым) мамандандырылған Лоя және Бава атты қызметтік иттер есірткі іздеу бойынша өз дағдыларын көрсетті.

Полиция қызметкерлері қонақтарға “Есірткісіз болашақ” тақырыбында дәріс өткізді.

– Иттер адамдарға пайдалы көптеген функцияларды орындай алады. Олар қылмыстарды ашуда және тергеуде қажет. Бұл иттердің әрқайсысының есебінде ұсталған қаскүнемдер, ашылған қылмыстар, табылған есірткі немесе жарылғыш заттар бар, – деп атап өтті Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Асқар Жұмабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру