Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында жас полицейлер ант берді

Жамбыл облысында жас полицейлер ант берді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында ішкі істер органдарына жаңадан қабылданған жас полицейлер қалыптасқан дәстүр бойынша салтанатты түрде ант қабылдады.

Салтанатты шарада 24 жас тәртіп сақшысы елге адал қызмет етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ант берді.

Іс-шара барысында Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев жас қызметкерлерге арнап құттықтау сөз сөйледі. Ол жас мамандарды қызметке ресми қабылдану күнімен құттықтап, адалдықпен қызмет етуге, берген анттарына берік болуға және заңдылық пен әділеттілікті әрқашан басшылыққа алуға шақырды.

Сонымен қатар ішкі істер органдары ардагерлері атынан Жамбыл облысы ІІО және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрдалы Шералин де құттықтау сөз сөйлеп, жас полицейлерге сәттілік тіледі:

– Сіздер ішкі істер органдарына қызметке келдіңіздер, полиция қатарына қабылданып, қиын да жауапты, бірақ батыл жолды таңдадыңыздар. Бұл жол төзімділік пен сабырлықты, ең бастысы – адамгершілікті талап етеді, – деді ол.

Айта кетейік, жыл сайын 9 маусымда арнайы мақсаттағы бөлімшелердің қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтеді. Осы күні қызметте ерекше көзге түскен департаменттің арнайы бөлімше қызметкерлері марапатталып, оларға құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру