Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында жас полиция қызметкерлері мен ардагерлер кездесті

Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаевтың қатысуымен "Менің тәлімгерім – менің мақтанышым" атты тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға департаменттің ардагерлері, жас қызметкерлер және тәлімгерлік кеңесінің мүшелері қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында полиция қатарына жаңадан қабылданған жас мамандардың кәсіби қалыптасуы мен тәлімгерлік институтының маңызы жан-жақты түсіндірілді. Жас қызметкерлерге полиция қызметінің жауапкершілігі мен беделі туралы айтылып, олардың бойына адалдық пен отансүйгіштік рухын сіңіру мақсаты көзделді.

Жас қызметкерлерге салтанатты түрде алғашқы қызметтік куәліктері табысталды. Сонымен қатар ардагерлер өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас буынға ақыл-кеңестерін айтып, ізгі тілектерін білдірді.

Іс-шара соңында қатысушылар қызметтік міндетін атқару барысында қаза болған полиция қызметкерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, олардың рухына тағзым етті.

Бұл тағылымы мол кездесу жас қызметкерлердің бойында кәсіби жауапкершілік пен тәлімгерлерге деген құрмет сезімін арттыруға септігін тигізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру