Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында "Жас сақшы" сыныбының оқушылары ант қабылдады

Жамбыл облысында "Жас сақшы" сыныбының оқушылары ант қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласындағы №69 орта мектепте "Жас сақшы" сыныбының салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті.

Іс-шараға Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ораз Жолдасов қатысып, оқушыларды маңызды әрі жауапты қадамдарымен құттықтады. Ол жас буынға Отанға адал қызмет ету, заң мен тәртіпті құрметтеу, ұқыпты және жауапты азамат болып қалыптасу жөнінде жылы лебізін білдірді.

"Жас сақшы" жобасы өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухты, құқықтық мәдениетті және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру