Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында жыл басынан бері 614 ЖКО болды

Жамбыл облысында жыл басынан бері 614 ЖКО болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн сайын тәртіп сақшылары балалармен құқықтық сабақтар, сауалнамалар мен әңгімелер жүргізу арқылы жол қозғалысы ережелерінің негіздерін білуге үйрету мақсатында балабақшалар мен мектептерге барады.

– Бүгінгі жасөспірімдер, ертеңгі қоғамның белсенді мүшесі деген жақсы нақыл бар. Яғни, біздің балаларымыз қазіргі уақытта не үйренеді, не оқиды, кімге қарап бой түзейді, болашақта біздің халқымыздың кісілік келбеті де солай болады. Жол қозғалысы ережелерін ерте жастан үйрену керек. Бұл азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін зор маңызға ие, – деп хабарлады Жамбыл облысының ПД ЖПҚБ бастығының міндетін атқарушы Манас Әбдікәрімов.

Полиция қызметкерлері балалармен жолдағы қауіпсіздік ережелері бойынша профилактикалық әңгімелер өткізіп , велосипедпен, самокатпен жолдарда қалай және қай жерде дұрыс жүру қажеттігін, жолды қалай дұрыс кесіп өту керектігін, оларды жол бойында немесе аула маңында қандай ықтималды қауіптер күтіп тұруы мүмкін екендігіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жолдағы қауіпсіздік ережелері басымдыққа ие болуы және балалар үшін өмір салтына айналуы керек. Бұған ересектер тарапынан болатын оң көзқарас маңызды рөл атқарады. Бала – ата-ананың айнасы, болашақтағы ата-ана қазіргі күнінің бейнесі, балалар олардың барлық әрекеттерін, соның ішінде жолдағы шалағайлық пен ұқыпсыздық секілді әдеттерінің де көрінісі. Сондықтан оларға мұндай әдеттерден аулақ болуды ұғындыру керек.

– Жыл басынан бері облыста 614 ЖКО орын алып, 130 адам қаза тапты, сондай-ақ 931 адам дене жарақатын алды. Жол қозғалысының барлық қатысушыларын ЖҚЕ қатаң сақтауға және бәрімізге ортақ қауіпсіз болашағымыз үшін балаларға лайықты үлгі болуға шақырамыз. Балаларға саналы тәрбие беру – аға буынның парызы. Тәрбиелі әрі білімді ұрпақ – ел ертеңі, кемел келешек кепілі, – деп түйіндеді ведомство өкілдері .

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру