Жамбыл облысындағы түрмеде түлектерге аттестат табыстау рәсімі өтті
Жамбыл облысындағы түрмеде түлектерге аттестат табыстау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД бағынысты ЖД-158/4 мекемесінде түлектерге аттестат табыстау рәсімі өтті. Қазір мекемеде барлығы 71 оқушы білім алуда. Олардың 19-ы 11-сыныпты бітіріп шықты.
Нақтырақ айтқанда, бітіруші 3 сыныптың біреуі қазақ, ал екеуі орыс сыныбы. Оларға 20 мұғалім сабақ береді.
Айта кетейік, ЖД-158/4 жабық мекемесіндегі кешкі орта мектептің оқу консульт пунктінде тоғыз сынып оқытылуда. Оның ішінде 10-шы сынып алтау: 4 қазақ, 2 орыс сыныптарында барлығы 50 сотталушы оқытылуда.
Аттестат беру рәсіміне сотталушылардың туыстары қатысты.