Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының тұрғыны жалған жер учаскесін сатып жіберген

Жамбыл облысының тұрғыны жалған жер учаскесін сатып жіберген, -деп хабарлайды Polisia.kz.

Меркі ауданының полиция бөліміне алаяқтық туралы жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адам оған 3 гектар жер учаскесін алып беруге уәде берген.
Сенімге кірген алаяқ жәбірленушінің 2 млн теңгесін алған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Меркі ауданының 32 жастағы тұрғыны болып шықты.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Тергеу жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру