Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында ауа райының күрт өзгеруі салдарынан болған ЖКО-да екі адам қаза тапты

Қарағанды облысында ауа райының күрт өзгеруі салдарынан соңы қайғылы жағдаймен аяқталған екі ЖКО болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпан айының 21 нен 22 қараған күні ауа-райының күрт өзгеріп, қатты желмен жолдағы көктайғақ салдарынан Қарағанды облысында соңы қайғылы жағдаймен аяқталған екі жол-көлік оқиғасы болды.

Мәселен, 21 ақпан күні сағат 08:45-те Қызылорда – Павлодар тас жолында Абай қаласынан 5 шақырым жерде Nissan Note және ПАЗ 320530-02 автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан Nissan Note автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі алған дене жарақаттарынан қайтыс болды. Автобуста зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ сол күні кешкі сағат 20:50-де Алматы – Екатеринбург тас жолында Қарағанды қаласынан 25 шақырым жерде 32 жастағы Toyota Corolla автокөлігінің жүргізушісі көліктің басқаруына ие бола алмай жолдың қарсы бағытына шығып, 38 жастағы азаматтың басқаруындағы Volkswagen Passat автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Toyota Corolla автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапса, Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Екі деректе полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қала ішінде өткен тәулікте жол жүру ережелерін сақтамау, жылдамдықты шектен тыс асыру салдарынан 24 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Қарағанды облысы полиция департаменті көлік жүргізушілерді жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауға шақырады. Жаяу жүргіншілерге жол өткелдерінен өткенде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды естеріңізге салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру