Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері студентті тонаған күдіктіні анықтады

Ақмола полицейлері студентті тонаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 ақпан күні Степногорск қаласының полиция басқармасына 17 жастағы жергілікті тұрғын 18 ақпанда психологиялық қысым көрсету арқылы оның Realme С21 телефонын тартып алған белгісіз адамға қатысты шаралар қабылдау туралы өтінішпен жүгінді. Келтірілген залал сомасы 71 мың теңгеден асты.

Колледждердің бірінің студентінің айтуынша, 18 ақпанда ол дүкенде болғанда одан бейтаныс жас жігіт тұшпара сатып алуды өтінген, кейін Toyota Mark II көлігіне шақырған. Автокөлік салонында тағы екі адам болған. Әңгімелесу барысында бейтаныс адам жас жігіттен оның ұялы телефон сұрап алып, ал оның орнына өзінің пайдаланылған телефонын ұсынған. Жәбірленушінің айтуынша, ол физикалық жағынан мықтырақ жігіттерге қарсы тұрудан қорқып, гаджетті көліктің салонынан тез шығып кету үшін бере салған. Оқу орнының жатақханасына оралып, полицияның көмегіне жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Жәбірленуші көліктің нөмірін есіне сақтап алған. Бұл жедел қызметкерлерге күдіктінің жеке басын анықтауға көмектесті. Бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған Степногорск қаласының 25 жастағы тұрғыны өз кінәсін мойындады. Заттай дәлел тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру