Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының тұрғынынан жарты тоннадан астам марихуана табылды

Жамбыл облысының тұрғынынан жарты тоннадан астам кептірілмеген марихуана табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 шілдеде «Қарасора-2022» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданы аумағында пилотсыз ұшу аппаратын пайдалана отырып, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жабайы сораны жинап жатқан 41 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Полиция қызметкерлері күдіктінің ұсталған орнына жақын маңдағы аумақты тексеру барысында Уля атты қызметтік иттің көмегімен шабылған жабайы қарасораны тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол жалпы салмағы 517 келі «кептірілмеген марихуана» есірткі құралы болып шықты.


Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

– Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Есірткі заттарын өткізу мақсатында жинағаны дәлелденген жағдайда, күдіктіге мүлкін тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру