Жамбылда мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды
Жамбыл облысында мас жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қарашада кешкі сағат 18:00 шамасында Қаратау қаласы көшелерінің бірінде патрульдік полиция инспекторлары жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 46 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Honda Оdyssey көлігін тоқтатқан.
Жүргізушімен әңгімелесу барысында оның мас күйінде екендігі анықталды. Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша оның «жеңіл» дәрежедегі мас күйінде болғаны расталды.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Талас аудандық сотының қаулысы бойынша құқық бұзушы жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.