Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда ҚАЖД бастығы әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Жамбылда ҚАЖД бастығы әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Нияз Рыспаев әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғысын білдірді.

Нияз Қанатұлы өзінің алғысөзінде департаментке бағынысты пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуде әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыскерлері маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

– Жыл басынан бері сіздермен бірлесе атқарылған жұмыстың нәтижесінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға түрлі деңгейде көмек көрсетілді. Атап айтқанда, 1127 адам жұмыспен қамтылып, 125 азамат бір жолғы қаржылай көмекке қол жеткізді. Бұдан бөлек, 13 адамға шағын несие алуға жәрдем берілді, – деді Н.Рыспаев.

Сонымен қатар, департамент басшысы әлеуметтік жұмыскерлерді өздерінің төл мерекелерімен құттықтап, оларға табыстар тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру