Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері ата-аналарға синтетикалық және дәріханалық нашақорлық туралы айтты

Ақмола полицейлері ата-аналарға синтетикалық және дәріханалық нашақорлық туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қазанда Ақмола облысының Білім басқармасы ZOOM платформасы арқылы жалпыоблыстық ата-аналар жиналысын өткізді, оған облыстық ПД Нашақорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері шақырылды.

Жастар мен жасөспірімдер ортасындағы есірткі тізбекті реакция сияқты таралады, ал ата-аналардың бұл туралы білімі жоқтың қасы. Нашақорлық проблемасын терең түсінбегенше, ересектер оған төтеп бере алмайды.

Сондықтан есірткі полицейлерінің мақсаты – ата-аналарда жасөспірімдердің жаңа буынның синтетикалық есірткілерді және “дәріханалық” нашақорлықты қолдану әдістері мен белгілері, сондай-ақ оларды қолданудың құқықтық салдары туралы білімдерін қалыптастыру.

Облыстық ПД ЕБҚІҚБ қызметкері Рәзия Курсанова өз сөзінде ағзаға шырышты қабықтар арқылы сіңгенде, есірткіге мас болу мен эйфорияны тудыратын, жасөспірімдер үшін есірткіні қолданудың бастауы болатын дәріхана препараттары (синтетикалық опиаттар) жиі кездесетінін атап өтті.

Сол кеште Көкшетау қаласының №12 орта мектебінің ата-аналарымен оффлайн режимде осындай кездесу өткізілді.

Көптеген ата-аналар үшін полиция туралы ақпарат күтпеген және тіпті таңқаларлық болды. Спикердің сөзі аяқталғаннан кейін көптеген сұрақтар келіп түсті, оларға толық жауаптар берілді.

Осы проблеманың өзектілігін ескере отырып, мұндай кездесулерді есірткі полициясы бүкіл оқу жылы кезеңінде жүзеге асыратын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру