Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда жазасын өтеушілер вакцина салдырды

Жамбылда жазасын өтеушілер вакцина салдырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таразда ЖД-158/5 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандарға коронавирусқа қарсы вакцина салынды. Иммундаудың екінші кезеңінде аталған мекемедегі 148 cотталған екпе салдырды.

Індеттің тезірек жойылып, қалыпты қалпына қайта оралуды қалайтын жазалы жандар мекемеде сақтық шаралары қатаң ескерілетінін атап өтті.

– Сақтансаң, сақтайды! Сол себепті, өз басым денсаулығымды нығайту үшін екпені қабылдауды жөн санадым, – дейді Данияр есімді жазасын өтеушінің бірі.

Айта кетейік, бүгінде өңірдегі түзеу мекемелерінде жазасын өтеуші 2380 сотталған бар. Азаматтардың 1779-ы вакцинацияланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру