Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда 172 жол ережесін бұзушы жазаланды

Павлодарда бір күнде 172 жол ережесін бұзушы жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні Павлодар полицейлері жылдамдықты асырған 26 жүргізушіні анықтады, 34 жүргізуші қауіпсіздік белдігін пайдаланбаған, ал алты жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған, бұл ретте екі жүргізушінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ. Жүргізушілерден бөлек, жол қозғалысы ережелерін бұзған 20 жаяу жүргінші де жол қозғалысы ережелерін бұзған.

– 17 мамырда сағат 02:20-да Ақсу қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жергілікті тұрғын басқарған УАЗ маркалы автокөлікті тоқтатты. Азаматта масаң күйде болғаны анықталды. Куәландыру жүргізушінің мас күйінде болғанын растады. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБК 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды – деді Павлодар облысы ПД-нің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Сол күні Шарбақты ауылында полиция қызметкерлері бұрын басқару құқығынан айырылған ауыл тұрғынының басқаруындағы ВАЗ автокөлігін тоқтатты. Бұл көлік айып тұрағына қамалды. Ал жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Аумақ полициясы жол қозғалысының барлық қатысушыларын ескертеді: егер сіз мас күйінде адамның рульге отыруға ниеттенгеніне немесе қозғалысты жүзеге асырып жатқанына куә болсаңыз, 102 байланыс арнасына қоңырау шалыңыз немесе “Police” мобильді қосымшасын пайдаланыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру