Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда жол-санитарлық бақылау бекеттері жұмысын бастады

Жамбыл облысында коронавирустық инфекция белгілерін бақылайтын жол-санитарлық бақылау бекеттері жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 наурыз сағат 18.00-ден бастап Жамбыл облысында короновирустың таралуын болдырмау мақсатында көлік жүргізушілері мен жолаушыларды инфекция белгілеріне тексеру үшін төрт жол-санитарлық бақылау бекеттері жұмыстарын бастады.


Қордай, Мойынқұм, Сарысу, Жуалы аудандарындағы бақылау бекеттерінде тәулік бойы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген тоғыз қызметтік көлікпен 27 полиция қызметкері кезекшілік етеді. Көлік құралдарын тоқтату арқылы полиция қызметкерлері денсаулық сақтау басқармасының мамандарына жүргізушілер мен жолаушыларды медициналық тексеруден өткізуге мүмкіндік береді.

Күніне бақылау бекеттерінен шамамен 400-500-ге жуық көліктер өтіп жатыр.

“Біздің басты міндетіміз – азаматтардың денсаулығын қорғау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі уақытта бақылау бекеттеріндегі жағдай бірқалыпты, екі бағыттан да кіруге және шығуға тыйым салынбаған. Короновирустық инфекция белгілері бар жағдайлар тіркелген жоқ”, – деп атап өтті Жамбыл облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Рахымберді Әшкеев.

Елдегі төтенше жағдайға байланысты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Полиция департаментінің барлық жеке құрамы қызмет өткерудің ерекше режиміне көшірілді.
Жамбыл облысының Полиция департаменті автокөлік жүргізушілерінен аса қажетілік болмаса төтенше жағдай кезінде қозғалысты шектеуге және басқа өңірлерге барудан бас тартуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру