Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ басшылық құрамы коронавируспен күрес үшін бір күндік жалақыларын аударады

Ішкі істер министрлігінің басшылық құрамы короновируспен күресу үшін бір күндік жалақыларын аударады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бiр күндік жалақы қаражатын министр, оның орынбасарлары, Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратының комитеттер, департаменттердің басшылары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының департаменттері және олардың орынбасарлары аударады.

Олар инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл жасауға, жеке құрамға маскалар мен басқа қорғаныс құралдарын алуға бағытталған. Сонымен бірге, төтенше жағдайды қамтамасыз етуге қатысқан полицейлер, әскери қызметшілер және азаматтық қорғау қызметкерлері 653 миллион теңге көлемінде министр мен аумақтық департаменттердің басшыларымен көтермеленеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру