Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда ЖҚЕ бұзған 200-ден астам автобус жүргізушісі анықталды

Жамбылда ЖҚЕ бұзған 200-ден астам автобус жүргізушісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері өңірде жолаушылар көлігінің қатысуымен 21 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 52 адам жарақат алып, 10 адам қаза тапқан. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында осы жылдың 5-11 желтоқсаны аралығында Жамбыл облысының аумағында “Автобус” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері іс-шараның алғашқы күнінде қоғамдық көлік жүргізушілерімен орын алған жол қозғалысы ережелерін бұзудың 200-ден астам дерегін анықтады. Айып тұрағына 14 автокөлік қойылды.

Сондай-ақ басып озу және маневр жасау ережелерін бұзған – 54, жылдамдықты асырғаны – 8, көлікті сақтандыру полисінсіз басқарған 10 қоғамдық көлік жүргізушісі жауапқа тартылды. Көлік құралын басқару кезінде жүргізушілердің телефонды пайдалануының 20-дан астам дерегі анықталды.

Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлерімен жолаушылар тасымалын ұйымдастыратын автокөлік кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерлерге, олардың азаматтарды тасымалдауда қауіпсіздік талаптарын сақтауына тексеру жүргізіледі. Автобустардың техникалық жағдайына және жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына ерекше назар аударылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру