Жамбылдық полицейлер 17 тоннаға жуық жабайы қарасораны жойды
Жамбылдық полицейлер 17 тоннаға жуық жабайы қарасораны жойды, - деп Polisia.kz.
2021 жылдың 1 маусымынан бастап кең ауқымды "Қарасора-2021" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.
Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасын тарта отырып, есірткі құралдарын жою жөніндегі көшпелі комиссия құрылды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жиырма күн ішінде Шу, Тұрар Рысқұлов және Байзақ аудандарының 450 гектар жер аумағында жабайы қарасораны шабу арқылы 16 тонна 742 келі "сора тұқымдас өсімдік" жойылды.