Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер есірткінің зияны туралы ойын түрінде айтып берді

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Қарасора – 2023», «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шаралары шеңберінде «Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында зияткерлік ойын түрінде тренинг өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараны Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Екі топқа бөлінген студенттер нашақорлық мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап берді, бір-біріне шифрланған жасырын сөздерді табуға көмектесті, мәселен, ұрпақ, бақыт, аурухана, ішімдік, отбасы, денсаулық, өмір, болашақ, спорт, желім, білім.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері көтеріліп отырған мәселе бойынша студенттерге сұрақтар қойып, білім алушылардың тыйым салынған заттарға қатысты көзқарасын анықтады.

– Интеллектуалдық ойын түріндегі мұндай тренингтер өскелең ұрпақтың есірткіге теріс көзқарасы бойынша нақты ұстанымын қалыптастыруға, нашақорлық қазіргі заманның өткір мәселелерінің бірі болып табылатынын түсінуге және қорғаныстық мінез-құлық дағдыларын дамытуға, жасөспірімдердің саналы салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді, – деп айтты облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру