Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер мүмкіндігі шектеулі ерекше балаларды қуантты

Жамбылдық полицейлер мүмкіндігі шектеулі ерекше балаларды қуантты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 маусымда кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар өздерінің кәсіби мерекесінде Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернат-үйінде болып қайтты.

Ел Президенті жариялаған Балалар жылы аясында тәртіп сақшылары ерекше назарды талап ететін балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, іс-шара ұйымдастырды.

Полицейлер балалармен әңгімелесіп, балмұздақтар мен түрлі тәттілер таратты.

– Бүгін әріптестерімізбен бірге осында келіп, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлағымыз келді. Біздің мақсатымыз – өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға мейірім, шапағатымызды көрсетіп, қуанту еді. Біз олармен кездесу ұйымдастырып, шынайы әңгімелестік, олардың жүздерінің жарқын болып, езулеріне үйірілген қуанышты күлкі табын көргенімізге қуаныштымыз, – деді Жамбыл облысының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Қуанышбек Қалжанов.

Іс-шара соңында мемлекеттік мекеме басшысы полиция қызметкерлеріне осындай игі іс-шара ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, жұмыстарына табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру