Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралда көлігіне жалған нөмір таққан жүргізушіге хаттама толтырылды

Мақтааралда көлігіне жалған нөмір таққан жүргізушіге хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздікті сақтау сынды кезек күттірмес қиын да қауіпті қызметтерімен бірге, жол қозғалысы, жол апаттарының алдын алу мақсатында сан алуан жұмыстар жүргізеді.

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері осындай кезекті рейд кезінде Атакент кентіндегі полиция пунктінің алдында тұрған Daewoo Nexia көлігінің нөмірінің жалған болуы мүмкін екендігіне күдіктенді.

Осы бойынша полиция қызметкерлері шұғыл әрекетке кірісті. Қажетті шараларды іске асыра отырып, жүргізушінің көлігіне жалған мемлекеттік нөмір тағып алғанын анықтады.

Аталған жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру