Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер студенттер арасында «Жастар есірткіге қарсы» тақырыбында семинар өткізді

Жамбылдық полицейлер студенттер арасында «Жастар есірткіге қарсы» тақырыбында семинар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қазанда Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен «Жастар есірткіге қарсы» тақырыбында Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерімен семинар өткізді.

Жастарға «Синтетикалық есірткі мен дәріханалық нашақорлықтың таралу проблемалары туралы» мемлекеттік және орыс тілдерінде бейнедәрістер көрсетілді. Сондай-ақ есірткі құралдары мен олардың денсаулыққа тигізетін зиянына қатысты қызығушылық тудыратын мәселелер талқыланды.

Семинардың мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күресті күшейту.

Семинар барысында қатысушылардың назарына Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер, толықтырулар, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтардың жаңа баптары жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру