Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер пәтер ұрысын анықтады

Шымкент полицейлері алтын бұйымдары мен ақшаларын ұрлап кеткен ер адамды құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың қыркүйек айында Абай АПБ-на Шымкент қаласының тұрғыны арызданған болатын. Ол өз арызында белгісіз тұлға тұрғын үй жайының есігін бұзу арқылы заңсыз кіріп, алтын бұйымдары мен ақшалай қаражатын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Абай АПБ-ның қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларының барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті кінәсін толықтай мойындады. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру