Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер студенттер арасында “Жастар есірткіге қарсы” тақырыбында семинар өткізді

Жамбылдық полицейлер студенттер арасында “Жастар есірткіге қарсы” тақырыбында семинар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қазанда Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен “Жастар есірткіге қарсы” тақырыбында Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерімен семинар өткізді.

Жастарға “Синтетикалық есірткі мен дәріханалық нашақорлықтың таралу проблемалары туралы” мемлекеттік және орыс тілдерінде бейнедәрістер көрсетілді. Сондай-ақ есірткі құралдары мен олардың денсаулыққа тигізетін зиянына қатысты қызығушылық тудыратын мәселелер талқыланды.

Семинардың мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күресті күшейту.

Семинар барысында қатысушылардың назарына Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер, толықтырулар, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтардың жаңа баптары жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру