Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері қала аумағынан қару тапты

Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері қала аумағынан қару тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таразда құқық қорғау қызметкерлері қару-жарақ пен оқ-дәрілерді іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл шараға ҚАЖ қызметкерлері де тиісті деңгейде атсалысуда. Олар шара барысында қалалық Криминалды полиция басқармасындағы әріптестерімен бірлесіп шаһардағы көпқабатты үйлерді, саяжайларды, гараж кооперативтерін, саябақтар мен скверлерді жіті тексеруде.

Іздестіру шаралары кезінде көне қаладағы Желіспаев көшесінің соңынан қару табылды. Атап айтқанда, бұл маңнан Макаров тапаншасына тиесілі 12 миллимертлі 32 оқ, бір қолдан жасалған қару, бір дулыға және бір револьвер табылып, тәркіленді.

Қазіргі таңда тәркіленген қару-жарақтарға қатысты арнайы сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру