Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңа оқу жылы: ШҚО-да полицейлер балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады

Жаңа оқу жылы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері қамқорлыққа алынған негізгі орта мектеп-интернатқа барып, оқушыларды Білім күнімен құттықтап, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл күн мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бүлдіршіндер үшін ерекше толқынысқа толы болды. Барлық оқушыға полиция қызметкерлері сыйлықтар табыстап, мерекелік көңіл күйді концерттік бағдарлама, музыкалық нөмірлер мен шығармашылық қойылымдар толықтырды.

ШҚО ПД бастығының орынбасары Серік Манапов балалар мен ұстаздарға жылы лебізін жеткізді.

– Бірінші қыркүйек – әрбір оқушының өміріндегі жаңа кезеңнің басталуымен ерекшеленетін айтулы күн. Сіздерге жаңа білімді қызығушылықпен меңгеріп, өз күштеріңізге сеніп, жақсы оқып, армандаудан ешқашан қорықпауларыңызды тілеймін. Жандарыңыздан әрдайым қолдау көрсетіп, көмек беретін жандар табылсын. Ал біз бұрынғыдай сіздермен бірге болып, әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Серік Манапов.

Кездесу жылы атмосферада өтті. Балалар қонақтардың құттықтауларын қуана қабылдап, мерекелік бағдарламаға қатысып, көңіл бөлгендері мен сыйлықтары үшін алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру