Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жарнама агенттігінің қызметкері әріптестерінің мопеді мен ұялы телефонын ұрлап әкеткен

Елорда тұрғыны жарнама агенттігінде бірге жұмыс істейтін әріптестерінің мопеді мен телефонын ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде жарнама агенттігінің 28 жастағы қызметкерін ұстады.
Тергеп-тексеру барысында күдіктінің жұмыста болған кезде жарнама агенттігінің аумағынан әріптесіне тиесілі мопедті ұрлап алғаны анықталды.

Бір апта өткен соң кеңседен ұялы телефонды ұрлаған. Күдікті азаматтың әрекеттерінің салдарынан келтірілген шығын 300 мың теңгені құрап отыр. Әріптестерінің мүліктерін ұрлаған ер адам істеген іс-әрекетін мойындады.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, күдікті азаматтың елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру