Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жарты млн теңге ақша ұрлаған өскемендік оқушыны полицейлер қол іздері арқылы тауып алды

Жарты миллион теңге ақша ұрлаған өскемендік оқушыны полицейлер қол іздері арқылы тауып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың қараша айының ортасында Өскемен қ. Полиция басқармасы Үлбі ПБ “102” жедел арнасына облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны хабарласып, сол күні кешкі уақытта белгісіз адам үйінің ауласында ашық тұрған ВАЗ көлігінің салонынан қомақты қаражатты ұрлап кеткені туралы айтқан. Келтірілген залал 510 мың теңгені құрады.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қаскөйдің саусақ іздерін анықтады, сондай-ақ ұрлық жасалған сәт “Сергек” аппараттық-бағдарламалық кешенге түсіп қалған.

– Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер ұрлық жасады деген күдікпен 15 жастағы мектеп оқушысының жеке басын анықтаған.

Тексеру барысында кәмелетке толмаған баланың бұрын бірнеше рет ұрлық жасағаны және қыркүйектен бастап Өскемен қ. ПБ-да есепте тұрғаны анықталды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Жасөспірім апасымен бірге тұратыны, ал анасы бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта бала ШҚО білім басқармасының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Бұдан кейін жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қаралады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру