Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жарты тонна балық тасымалдамақ болған талдықорғандық қолға түсті

Полицейлер жарты тонна балық тасымалдамақ болған Талдықорған тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы ПД табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері “Уылдырық” профилактикалық іс-шарасының барысында Қаратал аудандық балық инспекциясы басқармасының инспекторларымен бірлесіп, Үштөбе – Көпбірлік тас жолында MERCEDES-BENZ SPRINTER автокөлігін тоқтатты.

Көліктің багаж бөлігін тексеру кезінде тиісті құжатсыз тасымалданған жарты тонна балық анықталған.
Аталған дерек бойынша балық ресурстарын заңсыз тасымалдау фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сот органдарына жолданды.

Сот шешімі шыққанға дейін тәртіп бұзушыдан заңсыз тасымалданған 415 келі балық тәркіленді. Балық ресурстарына келтірілген шығын  2 987 751 теңгені құрады. Облыс аумағында рейдтік іс-шаралар жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру