Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жас полицейлерге “Өмірге құштарлық” тақырыбында семинар өткізілді

Түркістан облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлеріне “Өмірге құштарлық” тақырыбында семинар өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасындағы суицидтің алдын алу, оның дұрыс еместігін діни көзқараста түсіндіру, стрессті жою, жақсы көңіл күй сыйлау болып табылады.

Өздеріңізге белгілі, кей кездері полиция қызметкерлері арасында өз-өзіне қол жұмсау жайттары орын алып жатады. Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алуда мұндай шаралардың ұйымдастырылуы септігін тигізеді. Күнделікті қауіп-қатермен, қылмыскерлермен бетпе-бет келіп, қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мықты денсаулық қажет. Полицейлер психологиялық тұрғыда барлық жайтқа дайын болып жүруі тиіс. Сабақ барысында осы жайлы да айтылды.

Қиын да қауіпті саланың ішінде “Жүзден жүйріктер” қызмет атқаратын Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ бөліміне өткен жылы жас мамандар орналасқан. Семинар барысында жас мамандардың патриоттық сезімін ояту, өмірлік мақсаттарын айқындау үшін “Өмірдің мәні” жаттығуы жүргізілді.

Семинар қонағы Түркістан қаласындағы Ақмешіттің бас имамы Самат Танжаликов діни тұрғыда түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Яғни ашық сұқбат ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта та жиі өткізіліп отырмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру