Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері “Ана тілім – Айбыным!” челленджін бастады

Түркістан облысының полицейлері “Ана тілім – Айбыным!” челленджін бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекеттік қызметте қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері өзгелерге үлгі боларлық іс-шара ұйымдастыруда. Мемлекеттік қызметшілердің қазақ тіліне деген оң көзқарасын қалыптастырып, қызметтердің қазақ тілінде көрсетілуіне ықпал ететін шараға облыстық ПД-ның полицей арулары қатысты.

Қиын да қауіпті салада қызмет етіп жүрген полиция капитаны Жанна Орынбаева мен полиция лейтенанты Айнұр Тұрсынбекқызы есімді арулар, ана тілін ардақтап, оның абыройын одан ары асыру үшін өз өнерлерін көрсете отырып, әріптестеріне челлендж жолдады. Яғни келесі кезекте Түркістан қалалық полиция басқармасындағы полицейлер челленджді жалғастырмақ. Содан кейін облыстағы қалған аудандар да мемлекеттік тілді насихаттауға өз үлестерін қоспақ. Ерекше бастамаға Түркістан облысындағы әрбір қала, аудандық полиция бөлім, басқармаларының қызметкерлері тың идеяларын қосып, маңызы жоғары бейнероликтер әзірлеуі тиіс. Ендеше, іске сәт!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру