Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы: қаладағы апаттардың деңгейі азайды, бірақ жол ережесіне қатысушылардың тәртібі әлі де төмен

Алматы полициясының мәлімдеуінше, қаладағы апаттардың деңгейі азайды, бірақ жол ережесіне қатысушылардың тәртібі әлі де төмен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылы жарақат алған адамдармен барлығы 3 мың 245 жазатайым оқиға тіркелді (-27,7%), нәтижесінде 84 адам қайтыс болды (-47,8%), тағы 3 мың 807 (-28,3%) жарақат алды.

– Соның ішінде балалардың қатысуымен 557 жазатайым оқиға тіркелді (-40,3%), нәтижесінде бес бала қайтыс болды, 624 адам жарақат алды (-39,3%). Жалпы, өткен жылы 1 миллион 664 мың 817 жол ережесін бұзу анықталды. 11 миллиард 111 миллион 268 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Барлығы 254 мың 895 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 242 мың 219 жүргізуші, оның ішінде 1 мың 716 жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін ұсталды. Сот шешімен көлік құралын басқару құқығынан – 2 мың 764 жүргізуші айырылды. 1 мың 626 жүргізушіге қатысты әкімшілік қамау қолданылды, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Бүгінгі күні жол қозғалысы ережелерін бұзудың тежеуіші және алдын-алу факторларының бірі – “Жол қозғалысының қауіпсіздігі” автоматтандырылған ақпараттық жүйесі, оның құрамына “БДД” ААҚ 105 посты кіреді, сондай-ақ, қалада “Сергек” АӨК 404 посты жұмыс істейді. Олардың көмегімен 1 миллион 409 мың 922 заң бұзушылық тіркелді.

Анықтама үшін: қаланың автопаркінің саны 544 мың 836 көлік құралын құрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру