Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жасөспірім адам өлтіргені үшін күдікті ретінде ұсталды

Қызылорда қаласында кәмелет жасына толмаған бала өлімге қатысы деп анықталуда,- деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

2 ақпан күні Қызылорда қаласында орын алған адам өлтіру дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99- бабының 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізілуде. Мәліметтер бойынша, орын алған оқиға құрбаны кәмелет жасына толмаған азамат екені анықталды.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.Оқиғаның мəн-жайлары анықталуда.

Күдікті ретінде кəмелетке толмаған тұлға ұсталып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды.

Қалған мəліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының («Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу»)  талаптарына сəйкес жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру