Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары жалғасып жатыр

Түркістан облысының полицейлері «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде,-деп хабарлайды Polisia.kz.

«Тұрмыс» жедел-профилактикалық шарасы қаңтардың 20-сы мен ақпанның 20-сы аралығында өткізіледі деп белгіленген. Облыс бойынша учаскелік полиция инспекторлары мен басқа да бөліністерден 500-ден астам полиция қызметкері тартылды. Тәртіп сақшылары проблемалы мекен-жайларды, аз қамтылған отбасыларды тексеріп, оларға түрлі құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған жауапкершілік пен азаматтардың құқықтарын түсіндірді.

Жалпы іс-шара шеңберінде есепте тұрған азаматтар тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріледі, сондай-ақ отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы әрекеттер жасап көзге түскен тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары да атқарылуда.

Сонымен қатар,полиция қызметкерлері отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қажетті кеңестер мен сенім телефондары жазылған бүктемелерді жасап, таратты.

ТО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Ұлықбек Мылтықов айтып өткендей, облыста есепте тұрған 1892 тұлға тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексерілген. Оның ішінде қорғау ұйғарымы шығарылған – 459 адам, ерекше талаптар қойылған – 175, маскүнемдікке салынған – 828 адам, 201 нашақорлыққа бейім, 279 аз қамтылған отбасы тексерілді. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетудің 67 жайты анықталды.

«Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы ақпанның 20-сы күні аяқталады. Полицейлер айтып өткендей, іс-шара өз мәресіне жетсе де тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары баяғыша жүргізіле бермек.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер 102 нөмірі арқылы полицияға немесе тұрғылықты мекен-жайлары бойынша учаскелік полиция пункттеріне жүгіне алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру