Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жасөспірім ұлына көлікті басқаруға берген тұрғын жауапқа тартылды

Алматы облысының тұрғыны кәмелетке толмаған ұлына көлікті басқаруға бергені үшін жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының Полиция департаменті әлеуметтік желілерге тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.

Осылайша, мониторинг барысында желіден 26 шілде күні Ескелді ауданының бір ауылының ішінде көлік жасөспірімнің басқаруында болған бейнежазба анықталды. Бұл ауыл тұрғындары тарапынан негізделген үрей мен сын тудырды. Аталған дерек Ескелді аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен дереу тексерілді. Сол күні “ВАЗ 21214” маркалы автокөлігінің иесі 46 жастағы жергілікті тұрғынға көлік құралын басқару құқығы жоқ тұлғаға көлік құралын басқаруға бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Осы баптың нормасы 50 АЕК мөлшерінде айыппұлды көздейді.

Алматы облысының Полиция департаменті, өз кезегінде, құқық бұзушылықтың кез келген түріне азаматтық белсенділік танытқан тұрғындарға алғысын білдіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру