Шымкентте ойынханалардың бірі жасырын жұмыс істеген
Шымкентте карантин кезінде жасырын жұмыс істеген ойынхана анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 шілдеде Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданды Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі мен жедел уәкіл қызметкерлері бірлесіп, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №25,26,27,28 Қаулысының талаптарына сай Еңбекші ауданында жедел профилактикалық іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде, Еңбекші ауданы Желтоқсан 207/1 үйде орналасқан ойынхананың карантин режимін бұзып, жұмыс жасап жатқаны анықталды.
Аталған жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен әкімшілік жауапқа тарту мақсатында жинақталған іс-құжаттар, Еңбекші аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасына жолданды.