Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі жасаған шымкенттік жүргізуші жауапқа тартылды

Шымкентте жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі жасаған жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 13 ақпан күні Тауке хан даңғылы бойында “Lexus” маркалы автокөлігінің жүргізушісі автокөлігін тротуарға қойып, жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі жасап, жол жүру ережесін бұзған.

Аталған жайт бойынша Шымкент ҚПД Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізу барасында автокөліктің жүргізушісін анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Құрметті жүргізушілер және жол қозғалысының қатысушылары, Сіздерді жол қозғалысының басқа қатысушыларына құрметпен қарауды және жол жүру ережелерін сақтауды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру