Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаяу жүргіншілермен болған барлық ЖКО-ның 47%-ы Шымкентке тиесілі

Отырыс барысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов автожолдар мен жол инфрақұрылымының жай-күйіне Үкіметтің назарын аударды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасының 75%-ы және жаяу жүргіншілерді қағып кету салдарынан болған өлімнің 28%-ы елді мекендерде орын алған.

Жалпы, жаяу кісілермен болған апаттардың ең көп үлесі Шымкент (47%), Алматы (30%), Астана қалалары (6%), Алматы (15%), Жамбыл (9%), Түркістан (5%), Маңғыстау облыстарында (4%) болған.

– Бұл көбінесе тротуардың, жаяу жүруге арналған жолдардың, жарықтың жоқтығына байланысты. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан бұл мәселе тез арада шешілуі керек, – деді Ахметжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру