Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жазасын өтеуші ұлына сыйлықтар жіберді

Шығыс Қазақстан облысында жазасын өтеуші қатаң тәртіптегі колонияда қолданыла бермейтін өз құқығын пайдаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысында түрмеде жазасын өтеуші биыл 1-сыныпты үздік аяқтаған ұлына сәлемдеме жіберді.

Ерсін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеп жатыр. Қазір жаза мерзімінің алты жылын өтеді. Мекемеде шаруашылық қызметте жұмыс істейді. Ол бір жасында әкесінен қалған ұлына ай сайын қаражат жіберіп тұрады. Ұлы биыл 1-сыныпты үздік аяқтады. Ерсін осындай күнде баласын назарсыз қалдырғысы келмеді. Сәлемдемесін үш ай әзірледі. Ағаштан қашап ұшақ, “сүйікті ұлыма” деген жазбамен аппликациялық ашықхат жасап, мекеме әкімшілігінің көмегімен шығарылған фотосын жиектемеге салып, мекеме дүкенінен өз табысына сатып алынған кеңсе тауарлары мен тәттілерін жолдады.

– Ерсін – еңбексүйгіш, жақсы жігіт. Қателік жасамайтын адам болмайды. Тонауға барып өз өміріндегі ең үлкен қателікті жасаған. Оның жанұясы оған жиі келіп тұрады. Біз сотталғандардың әлеуметтік-пайдалы байланыстарын үнемі құптаймыз, оларды тәрбиелеуге ең тиімді әсер ететін тұс та осы, – дейді мекеме басшысының орынбасары Айдын Калелов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру